Көп жүрген адам көп жасайды...

Көп жүрген адам көп жасайды...

Ұзақ өмір сүргіңіз келмесе, отырған орныңыздан тапжылмаңыз. Сіздің бүкіл ғұмырыңыз аяқ-қолыңызға байланысты. Егер аяқтан әл кетіп жатса, онда өміріңізден мән де кетеді.

British Medical Journal журналының анықтауынша, адам­ның өмір сүру ұзақтығы мен оның қозғалмауы арасында тығыз байланыс бар болып шықты. Аталған тұжырымға 167 мың адамның статистикалық мәліметіне жүргізілген талдау себеп болған. Яғни 2005-2009 жылдар аралығындағы 167 000 адамның медициналық көрсеткіші зерттеуге алынған. Және медициналық көрсеткішке көз жеткізсек, күніне бір жерде үш сағаттан көп отырмай­тын адамның ғұмыры екі жылға дейін ұзарады. Ал теледидарды екі сағаттан артық қарамайтын адам 1,4 жылға ұзақ өмір сүретін болып шықты. Ұзақ отырудың өмірді қысқарту қаупі 27%-ға, теледидар қараудың қаупі 19%-ға тең екен.

Қазіргі таңда ғалым­дар көп жасау үшін белсенді өмір салтын ұстануға шақыруда.

Сурет:baq.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига