Компьютерге айқайлап көрсеңіз...

Әлем қызықтары сіздердің назарларыңызда. Бір қарап шығуға кеңес етемін.

Ең бірінші биік өкшелерді ерлер киіп үйренген. Тіпті, 9 ғасырда персиялық әскерлердің биік өкше кигендігі турасында деректер де кездеседі.

Жайылым күшіктерінің бір-біріне сәлем беру үрдісі ерекше. Олар тілді жанастыру арқылы құрмет көрсетіседі.

Полицияның иттері көбіне есірткі иісін тұздалған қиярмен шатастырып алып жатады.

Компьютерге айқайлап беретін болсаңыз, онда қатты дискінің (жесткий) жұмысы біршама тежеліп қалады. Дискіні қалыпты жағдайдан айнытуға дауыс дірілі әбден жеткілікті.

Гизада әйгілі пирамидалар соғылып жатқан тұста, Ресей аралдарында әлі күнге дейін зілтұмсықтар қыдырып жүрген.

Ақ аюлар инфрақызыл фотографияларда мүлдем көрінбейді екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/YBYU1eayaXs","width":"450","height":"240"});

Айнаға қараған дельфиндер өздерін бірден таниды. Тіпті, айна алдында өздерін қызықтап тұрады екен.

Жүн басқан құрбақалар өз табан асты саусақтарын сындырып, сынған сүйектерімен терілерін тесетін көрінеді. Соның бәрі өткір тырнақтың қамы үшін.

Жапонияның шалғай аумағында айна деген тайпа бар. Бір ерекшелігі, бұл тайпаның әйелдері беттеріне үлкен ерін секілді қылып дене әшекейлерін (татуировка) жасатады.

99 жастағы күйеуі осыдан 60 жыл бұрын әйелінің (шалдан төрт жас кіші) көзіне шөп салғанын біліп, ақырында ажырасып кеткен. 

сурет:techguybanburycouk.ipage.com; io9.com; daypic.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек