- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Компьютерді емдеу ...
Компьютерді емдеу
Көп ұзамай жаңа компьютерлеріміз де бұзылып, жылдам жұмыс жасауы төмендей түседі. Оның дұрыс жұмыс жасағанын қаласаңыз, төмендегі кеңестерімізге сүйеніп, бағдарламаларын үнемі ретке келтіріп отырыңыз.
Бірінші неге жылдам жұмыс жасамайды деген сұрақтан бастағанымыз жөн болар. Бұл жерде оның бір немесе бірнеше себебі де болуы мүмкін. Сол себептер тізімі:
1. Температура. Қолданушылар, өкінішке орай, процессорларының температурасын үнемі бақылай бермейді. Оны тексеремін деп саусағыңызды радиаторға тигізудің қажеті жоқ. Ол үшін арнайы Everest бағдарламасы бар. Оны енгізіп, компьютер®құрылғы (датчик) деген командаларды орындаңыз. Егер температурасы 50 градустан жоғары болса, радиаторды үрлеп, одан жақсысы радиаторды шешіп алып, процессорға термопаста жағыңыз.
2. Реестр. Үздіксіз жаңа бағдарламалар орнатып, өшіре беру дұрыс емес. Бағдарламаны жою компьютерден мүлдем жойып жіберу деген түсінік қате. CCleaner бағдарламасын пайдаланып, артық қоқыстан арылыңыз. Бұл бағдарламамен жұмыс жасау аса қиын емес. Оны енгізіп, «реестр» белгісін таңдап, барлығына қанат белгісін қойып шығыңыз. Осы әрекеттерді орындап болған соң, «проблеманы іздеу» батырмасын басыңыз. Артынша «жөнге келтіру» батырмасын бассаңыз, бағдарлама өз жұмысын сәтті орындап шығады.
3. Жүктеме файлдар. Егер компьютеріңіздің оперативтік жады аз болып, жүктеме файлдардың да көлемі кішкене болса, ойын ойнау қиынға соғады. Оны түзету үшін «Менің компьютерім» ® «өзгермелілік» (свойства) ® «қосымша» ® «жылдам әрекет ету» ® «параметрлер» ® «қосымша» ® «виртуальды жады» ® «өзгерту» ® «ерекше көлем» (шамамен 1500-2000-ға жуық көлем беріңіз) ® және бірнеше рет «ок» басыңыз.
4. Автоматты түрде іске қосу (автозапуск). Сіздің жадыңызда көп орынды өздігінен қосылатын бағдарламалар алып тұрады. Мысалы, uTorrent бағдарламасы. Ол үшін «пуск» ® «орындау» дегенге кіріп, msconfig сөзін жазып, пайда болған терезеден «автоматты түрде жүктеуді» (автозагрузка) таңдаңыз. Бұл жерден қажетсіз бағдарламалардан қанат белгілерін алып тастаңыз. Одан кейін «қолдану» ® «ок» ® «қайта жүктеу» (перезагрузка) дегенді басыңыз. Компьютер қосылған соң, өзгерісті қайта-қайта есіңізге түсіріп тұрмас үшін қанат белгі қойып қойыңыз дұрыс.
5. Қатты диск жүйесі. Локальді диск «С» көлемі әдетте 20-30 гигабайт ғана. Ал көптеген адамдар әуендер мен фильмдер сақталған файлдарды жұмыс үстелінде сақтайды. Жұмыс үстеліндегі файлдар С дискісінде сақталатындықтан, үлкен көлемді файлдарды басқа дискіге орналастырған жөн.
6. Вирустар. «Sality» секілді вирустар компьютердің жылдамдығын тежейді. Алдымен антивирусыңыздың ұйықтап қалмай, дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізіңіз. Оны мына жерден тексере аласыз: «DrWebCureit».
Осы себептерді жөнге келтірсеңіз, компьютеріңіздің жұмыс жасау жылдамдығы сөзсіз арта түседі.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай