Комондор: венгер овчаркасы

Әлемде ит тұқымдарының нешебір түрлері бар. Біріне таңқаласың, енді бірінен қорқасың, енді бірін жақсы көресің... Бүгін біз сіздерге мадиярлардың ең бір асыл текті ит тұқымына көңіл бөлгенді дұрыс көріп отырмыз. Иесі мен иелікті қорғайтын, ең адал серік ретінде аты шыққан комондор немесе венгер овчаркасы таныстырылады.

Комондор немесе венгер овчаркасы - ит тұқымының ерекше бір түрі. Бір қарағанда, үстін жауып кеткен жүн-терісіне қарап, тұқымын ажырата қою қиынға соғар.  Бірақ, соған қарамастан, арбиған түрі бар комондор иті - иесінің басына қауіп-қатер төнсе жетіп баруға даяр тұратын, қорғаушылық міндетін атқаруға әзір иттердің бірі. 

Комондор - тарихы сонау 1000 жылдықтарда басталған өте ежелгі тұқым түрі. Бұл тұқымды мадиярлар (венгрлер) 9 ғасырда шығарған. Осы жерде комондардың екінші атауы да шығады - венгер овчаркасы. Комондорларды мал бағуда, көбіне қой өргізуде пайдаланған. Ірі сүйекті итіңіз түлкі, қасқыр, тіпті, қажет болып жатса, орман аюынан да қорғауға бар еді. 

Венгер овчаркасының салбыраған жүн-жұрқасы қатал ауа-райынан қорғады: комондорға жел, жауын, қар мен төменгі температура деген сөз емес. Мұндай қалың жамылғы жарақат пен жыртқыштардың азуынан сақтап қана қоймады, сонымен бірге керемет маскировка болды: бір отардың қойдың арасынан аппақ ірі итті аңғарып көріңіз. 

Венгер овчаркасы - ит тұқымдасының ірі түрі.  Комондордың төбеттері шоқтықпен алғанда орташа биіктіктері 70-80 сантиметрді, салмағы 50-60 келіні құрайды.  Ал ұрғашылары 35-50 келі салмақ аралығында шоқтықтары 66-70 сантиметрге жетіп қалады.  Венгер овчаркасының дене бітімі күш-қуатты, сүйегі мығым, бұлшық еті жақсы дамыған болып келеді. Тұқымның қалыпты өлшеміне көз жүгіртсек, комондорлардың құлағы ілінулі, көздері - қара-қоңыр, бадам дәні тәрізді формада, мұрыны - қара, көзіне кекілі түсіп тұрады. 

Венгер овчаркасын бірден айыруға болатын мінез-құлықты айырмаланатын белгісі - бұл жүні. Комондордың жүнінің ұзындығы 60 сантиметрге жетіп қалады. Комондорлардың күшігі түбіт жүнді келеді, алайда, екі жасында үлпек жүн түсіп, оның орнына қатты жүн өсіп, уақыт өте келе ширатылып кете барады.  

Жоғарыдай айтып кеткеніміздей, осы бір өзіндік арнаулы жүн жамылғы комондорды қатал ауа-райынан және жыртқыштардың азуынан қорғайды. Айтпақшы, жамылғы итті тек суықтан қорғап қана қоймай, сонымен бірге ыстықтан да сақтайды. Шөлдегі жұрт жамылатын жып-жылы мақта халатты еске салады: олар денені қыздырмайды, дененің қалыпты температурасын ұстап тұрады. Тіпті, егер есік алдында 40 градус болып тұрса да, жамылғының арқасында иттің дене температурасы еш өзшермей сақталып қалады. Қалыпты өлшем бойынша, комондорлардың жүні тек ақ түсті болып келеді.

Ұмытпай тұрғанда, венгер овчаркасының өзіндік иісі болмайды. Тұқымның пайда болуына байланысты. Солайша, комондорлар отар күзететін малшы иттер болғандықтан, иттің иісі жыртқыштардың елең еткізуі мүмкін болған. Иістің болмау салдары жыртқыштарды қапыда қалдырса керек. Сондықтан, комондордың иісі айналадағы иіспен бірдей келеді. 

Комондорлар - байсалды мінез-құлықтағы өте ақылды иттер. Олар көз жұма отырып, иесінің тілегін орындауға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге жағдаятқа байланысты шешім қабылдауға қабілетті. Венгер овчаркасы - жүректі, сенімді, өз міндеттерін білетін және соңына дейін атқаратын еңбек сүйгіш иттер. Комондорлар үй иесі мен отбасы мүшелерінің сөздерін барлық тұста орындайды. Алайда, комондордың адалдығы мен  тіл алғыштығын иемдену үшін көп еңбектенуге тура келеді. 

Венгер овчаркасы - үйіңізге және баларыңызға керемет қорғаушы. Олар аса сақтықпен бейтанысқа мән беріп қарайды да, бірақ егер қауіп төніп тұрмаса, онда комондор ешқашан бірінші болуып шабуылдамайды.  Олар балаларды және үй жануарларын қорғайтын болады. Алайда, төбеттерінің мінездері қатал болып келеді. Сондықтан төбеттері үй мен қораны күзетуге оңтайлы келеді, ал бала күзетіне, ең дұрысы, ұрғашысын алған дұрыс.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: animal.ru