Халықаралық астрономдар қауымдастығының ғалымдары C/2014 Q2 Lovejoy кометасында қарапайым қант пен этил спирті бар екенін анықтады. Аталған ғарыш нысанын енді тек 8 мың жылдан кейін ғана қайта зерттеуге мүмкіндік болады.
Ғалымдар Лавджой кометасында 21 түрлі органикалық молекула болғанын айтады. Ресми түрде жарияланған ақпаратқа орай, өткен жылы ашылған кометада көмірсу, оттек, азот қосылған күкірт, сонымен қатар, этил спирті мен гликольальдегид (қарапайым қант) бар болып шыққан.
Ғалымдар осыған дейін де ғарышта органикалық қосындыларды тапқан. Мысалы, Хейл-Бопп кометасында спиртті үлкен қоры табылған.