Киген киіміміз, жеген тамағымыз, мінген көлігіміз, тұтынатын барлық заттарымыз да, тіпті бізді қоршаған бүкіл әлемнің химиялық элементтерден тұратыны баршамызға белгілі. Бүгінгі жазбамыз сол элементтердің қатарын толықтырып тұрған, қолда еритін сирек кездесетін галлий металына арналмақ.
Галлий – бұл 31-номерлі химиялық элемент. “Ga” таңбасымен белгіленетін бұл элемент жеңіл металлдар тобына жатады. Ол таза күйінде табиғатта болмайды, бірақ тым кішкентай мөлшерде бокситтер мен мырыш кендерінде кездеседі. Галлий – жұмсақ, иілгіш күміс түсті металл. Төмен температурада қатты күйінде тұрса, бөлме температурасында (29,8°C) еріп кетеді. Төмендегі суреттерден галлий металлының «нәзік» қасиетін көре аласыздар.
1. 1875 жылы бұл элементтің ашылуынан кейін және жартылайөткізгіштер дәуірі келгеннен соң галлий жеңіл еритін қоспаларға негіз болды.
2. Қазіргі таңда галлийді тек микроэлектроникада қолданады.
3. Галлий арсениді (GaAs) микротолқынды желіде және инфрақызыл қосымшада негізгі қосылыс ретінде жүреді.
4. Галлий натриді Ga(NO3)3 жартылай өткізгіш лазерлер мен көк түсті жарық диодтарында, ультракүлгінді ауқымда қолданылады.
5. Галлийдің биологиялық қасиеті жоқ. Бірақ, галлий темір тұздарымен қосылып, өзіне биологиялық жүйе негіздейді. Галлий ионы үнемі медициналық қолданыста темір ионын алмастырады.
6. Бүгінгі таңда галлий қосылған фармацевтикалық және радиофармацевтикалық дәрі-дәрмектер шығарылуда.
Cурет: bigpicture.ru