Баспасөз беттерінде сүт коктейльдері туралы ең алғашқы деректер 1885 жылы жазылған екен. Ол кездері "койтейль" деген атқа құрамында виски мен тауық жұмыртқасы қосылған алкогольді сусын лайық болатын («коктейль» сөзін қазақшаға аударғанда «қораз құйрығы» деген мағынаны білдіреді). Яғни, сусынды шамадан тыс ішкен адамдар мас болып қалып жататын.
1990 жылдары сусының құрамы түбегейлі өзгертілді. Біз білетін, біз сүйетін коктейльдің дүниеге келуі осы кезеңмен тұспа-тұс.
Енді виски мен жұмыртқа орнына ванильді, шоколадты, құлпынай шәрбаттары (сироп) қолданылатын болды.
Ал коктейлдің аты шарықтаған тұс – 1922 жылдар деуге болады. Осы жылы «Walgreens» атты фармацевтикалық компанияның қызметкері Ивар Коулсон коктейль дайындаудың жаңа әдісін ойлап табады. Ол негізгі азық-түлік ретінде сүт, шоколад, солод (ашытқы) және аздаған балмұздақ қосады.
Жаңа әрі таңсық дәм әлем жұртшылығының асқазанын лезде жаулап алды. 1930 жылдары фреондық тоңазытқыш ойлап табылады да, коктейль дайындау үрдісі кең етек алады.
1950 жылы Рэй Крок есімді азамат сүт коктейльдерін өндіретін машинаға эксклюзивті құқық алады, сол уақыттан бері тез дайындалатын тағамдар әзірлейтін кез келген мекемеге осындай құрылғыларын орнатылатын болды.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Суреттер: mainfun.ru