Көктем – күн мен түн теңелетін, бар жаратылыс жаңарып, гүлденетін мезгіл. Көктем жайлы тылсым құбылыстар мен қызықты деректер жайлы оқи отырыңыз.
1) Ғалымдар жекелеген өсімдіктердің шешек атуын бақылау арқылы көктем тәулігіне 50 км жылдамдықпен қозғалатынын есептеп шығарған екен.
2) Көктем әлемнің барлық аймағына наурыз, сәуір, мамыр айларында келмейді. Мысалы, Австралия, Аргентина мен Мадагаскарға көктем қыркүйекте келеді.
3) Көктем астрономиялық тұрғыда 20 немесе 21 наурызда келеді – көктемгі күн мен түннің теңесетін уақыты.
4) Күз мезгіліне қарағанда көктемде адамдардың тыныс алу жиілігі үштен бірге артады.
5) Женеваға көктем кантоналды әкімшіліктің терезесінің алдында «ресми талшын» бүр жарғанда ғана ресми түрде келеді. Әдетте, салт бойынша көктемнің келгенін ол наурызда «хабарлайды», бірақ кейде ол дәстүрді бұзып тұрады. Мысалы, 2002 жылы талшын 29 желтоқсанда бүр жарған, ал 2006 жылы екі рет гүлдеген – наурызда бір, ал кейін қазанда бір.
6) Ал біздің ата-бабаларымыз бұл тұрғыда көкекке сенген. Ежелде көкек шақыра бастағанда көктем келді деп есептелген.
7) Көктем келе салысымен киім ауыстыратын біз ғана емес. Қояндар, тиіндер мен басқа да жануарлар ашық түсті ішіктерін қошқыл түске ауыстырады.
8) Барлық құс туғанынан шырылдай алады. Бірақ жай шырылдау оларға аздық етеді, әр құс өз тұқымына тән әндерді үйренуі тиіс. Мұны олар тек келесі көктемде, 300 күн толғанда толық меңгереді.
9) Көктем жылулығына ең бірінші өсімдіктердің тамыры сыр береді. Олар 7-8 градус жылылықта белсенді түрде өсе бастайды.
10) Балқурай көктем гүлі түсін төрт рет ауыстырады: бүршік жарғанда ол алдымен алқызыл, сосын қызылкүрең, күлгін және кейін көк түске бөленеді.
Ал сіз көктем жайлы қандай қызықты деректерді білесіз? Бөлісе отырыңыз.
Сурет: yes.com.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина