Қазіргі кезде көпшілік адам көгершінді ақымақ құсқа теңеп, көшені ластайтын және ауру тарататын құс ретінде қабылдайды. Алайда, бұл ойға ешқандай негіз жоқ. Бұл материалда көгершіндер туралы 10 қызықты фактімен танысып, олар туралы ойыңызды өзгертуіңіз мүмкін.
1. Навигациялық мүмкіндік.
Қарапайым қала көгершіндері кеңістікте жақсы бағытталады және әрқашан үйіне апаратын жолды таба алады. Біріншіден, көгершіндер жолындағы ландшафт ерекшеліктерін есте сақтап алады. Екіншіден, олар иісті жадта сақтап алады. Үшіншіден, оларда күнмен бағытталатын "қондырылған компас" бар. Егер осы үш ерекшелігінің біреуі жаңылыс берсе, құс үйін таба алмай қалады. Көгершіндерге үйіне қайтуға көшелерге қондырылған жасанды жарықтар кедергі келтіруі мүмкін.
2. Көгершіндер ымыраға келе алады.
Оксфорд Университетінің зерттеушілері тәжірибе барысында құстардың ұшу кезіндегі бағдарын анықтау мақсатында оларға GPS навигациялық жүйесін жабыстырады. Саяхаттау барысында екі көгершінде үйге бірге немесе бөлек қайтуға таңдау болған. Көгершіндер ымыраға келіп, екеуінің екі жолына жақындау, үйге апарар ортақ бағдарды таңдады. Көгершіндер бастаушыға бағынып, соның артынан барады. Егер көгершіндердің бағдары әр түрлі болып, әр түрлі жақтарға бөлінсе, ымыраға келмейді. Жалпы көгершіндер бағытты жалғыз жүргеннен гөрі топпен жүрген кезде тиімдірек жеңеді.
3. Көгершіндер ешқашан ұмытпайды және кешірмейді.
Бірнеше жыл бұрын зерттеушілер көгершіндер адамдардың түрін ажырата алатынын түсінген кезде тағы бір қызықты фактімен бетпе бет келді. Тәжірибе кезінде түрлерінде ұқсастығы бар екі зерттеуші көгершіндерге әр түрлі қарайды: біреуі мейірімді болады, ал екіншісі тамақтандыру кезінде тордың ішімен көгершіндерді қуады. Белгілі бір уақыттан соң зерттеушілер көгершіндерге келуін тоқтатады. Бірақ қайтадан келген кезде осы жолы өзін дұрыс ұстаса да алдыңғы жолы агрессия көрсеткен зерттеушіден көгершіндер шеттене бастайды.
4. Көгершіндер есте сақтау қабілеті ұзаққа жетеді.
Көгершіндерде нақты ақпаратты ұзақ есте сақтау қабілеті бар. Когнитивтік неврология бойынша жерорта теңіз институты бабуиндермен салыстырғанда көгершіндердің есте сақтау қабілетін зерттеді. Көгершіндер мен бабуиндерге суреттерді және түстерді көрсетеді, ал жануарлар олардың байланысын есте сақтап қалу керек болды. Көгершіндер 800-ден 1200-ге дейін байланысты есте сақтап қалды. Көгершіндер бабуиндерге қарағанда аз көрсеткіш көрсеткенмен, бұл жақсы нәтижеге жатады.
5. Көгершіндер математиканы түсінеді.
Соңғы кездері зерттеулер көгершіндерге абстрактілі математика таныс екенін көрсетті. Тәжірибе барысында үш көгершінге экраннан заттардың үш жинағын көрсетеді. Бір жинақта бір зат, екіншісінде екі зат, ал үшіншісінде үш зат болады. Барлық заттар түсі, пішіні және өлшемі бойынша әр түрлі. Көгершіндерді алдымен экрандағы бір заты бар, содан соң екі заты бар, одан кейін үш заты бар жинаққа шоқуды үйретеді. Көгершіндер сұрағанды қатесіз орындаған соң, оларға сәйкесінше 1-ден 9-ға дейінгі заты бар жинақтарды көрсетеді. Нәтижесінде көгершіндерге 3-тен артық заты бар жинақ болуы мүмкін екенін үйретпесе де, басқаларын айыра алатын болып шықты. Тәжірибе көрсеткендей, көгершіндер сандар табиғатын түсінеді және олар үшін себеп-салдарлы байланыс жат емес.
Жалғасы бар...