Қазіргі кезде көпшілік адам көгершінді ақымақ құсқа теңеп, көшені ластайтын және ауру тарататын құс ретінде қабылдайды. Алайда, бұл ойға ешқандай негіз жоқ. Бұл материалда көгершіндер туралы 10 қызықты фактімен танысып, олар туралы ойыңызды өзгертуіңіз мүмкін.
Басы
6. Көгершін поштасы
Адамзат тарихындағы көгершіндердің рөлі туралы көптеген мәлімет кітап бетінде жазылмаған. Алайда ежелден бері адамдар көгершін поштасын пайдаланғаны мәлім. Франк-пруссо кезінде Париж қамауға алынған уақытта қала қорғаушылары телеграфқа қарағанда тез жететіндіктен хат жіберу үшін көгершіндерді пайдаланған. Бірінші дүниежүзілік соғыста құстардың 10 %-ы ғана тірі қалған деген мәліметтер де бар. Тірі қалғандардың көбісі өз еңбектері үшін жануарларға арналған Мария Дикин медалімен марапатталған.
7. Көгершіндерге ырымшыл іс-әрекет тән.
1947 жылы зерттеуші Скиннер көгершіндерге тәжірибе жүргізеді. Салмағы аз көгершіндерді торға салады. Оларды белгілі бір уақыт аралығында тамақтандырып отырады. Уақыт өте сегіз көгершіннің алтауы қызық әрекеттер жасай бастайды. Құстардың біреуі уақытылы бір әрекетті қайталай береді. Яғни, ол тордың бұрышынан басын шығарады, келесісі тордың ішімен айналып қозғалады. Құстар өздерінің осындай қызық әрекет жасағаны үшін оларды тамақтандырады деп ойлаған.
8. Додо құсының туыстары
Көгершіндердің ДНҚ анализі жоғалып кеткен додо құсымен ұқсастық көрсеткен. Қазіргі көгершіндердің туысына түрлі түсті никобар көгершіні де жатады. Олар оңтүстік-шығыс азияда және Никобар аралында өмір сүреді. Бұл ғылыми жаңалыққа дейін жоғалып кеткен додо құстарының сыртқы түр-әлпеті ерекше болғандықтан, олардың қандай тұқымдасқа жатқанын білмей келген болатын.
9. Көгершіндердің түстері әр түрлі болуы мүмкін.
Көпшілігі көгершіндерді көлемі орташа, түсі қою сұр болады және тек қалада өмір сүреді деп ойлайды. Алайда қалада біз көріп жүргеніміз көгершіндердің бір түрі ғана екенін ұмытпайық. Көгершіндер әлемнің барлық жерінде өмір сүреді және көпшілігі өте әдемі болып келеді. Мысалы, жеміс көгершіндері, олар ашық жасыл, қызыл және сары түстерімен таңғалдырады.
10. Көгершіндерге бірнеше мыңдаған жыл болды.
Көгершіндерді адамдардың серігі деп айтсақ да болады. Олар туралы 5000 жыл бұрын Месопотамияда алғашқы деректі ескертпе пайда болды. Египтте ежелгі адамдардың жерлеуінен көгершіндердің қалдықтары табылған. Адамдардың көгершіндерге қасиетті құс ретінде қарағаны туралы тарихта жазылған. Көгершіндердің көп түрі жоғалып кеткенмен, олар мыңдаған жыл адамдармен қатар өмір сүріп келеді.