- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Киттерде әйел достығы...
Киттерде әйел достығы болады
Осыған дейін өзіңізге "адамдармен бүкір киттердің арасында нендей ортақ нәрсе болуы мүмкін?" деген сұрақ қойып көрдіңіз бе? Жоқ? Ендеше, жауап бізден.
Олардың барлығының да "ең жақын" деуге болатын достары бар.
Ғалымдар Қасиетті Лаврентиядағы киттердің іс-қимылдарын бақылап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрді. Бүкір киттер алыс аймақтардан достар тауып, жыл сайын олармен кездесу үшін бір орынға жиналады. Достарымен бірге жүзіп, бірге тамақтанып болған соң өздерінің мекендеріне кете барады. Алайда белгілі уақыттан кейін осы орынға қайта оралады екен.
Зерттеулер тек алты жылдық уақытты ғана қамтып отыр, сондықтан олардың достықтарының мерзімі анықталмады. Бір қызығы, мұндай ғажайып достық тек қана ұрғашы киттердің арасында ғана орын алып отыр. Еркек пен еркектің, ұрғашы мен еркектің арасында достық қатынастар байқалмайды. Және "жолдас" киттердің жастары да бірдей келеді.
Ғалымдар әйел достығы бүкір киттердің арасында ғана бар деген қорытындыға келіп отыр.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: globustur.spb.ru