Қисынсыз әлем рекордтары

Қисынсыз әлем рекордтары

Гиннесс рекордтар кітабы кез келген рекордты жинайды, сондықтар болар, кітап ішінен небір қызықты тауып алуға болады. Осы топтамада ең ерекше әрі адам түсінгісіз рекордтар жиналған.

Ең жылдам бесік арба жартылай марафоны

Бұл рекорд әрдайым қозғалыста жүретін ата-аналарға арналған. АҚШ елінің азаматы Нэнси Шубринг бесік арба жартылай марафонын 1 сағат, 30 минут, 51 секундта аяқтап, рекордшы атанды. Ерлер арасында өткен дәл осындай жарыста Англия азаматы Нил Дэвидсон рекордшы болды. Оның уақыты 1 сағат 15 минут, 8 секунд.

Ал егер сіз әлі әке немесе ана болмасаңыз, бірақ әрқашан Гиннес рекордтар кітабына енгіңіз келген болса, сіз фрак, дайвер костюмі марафонын жүгіріп өте аласыз.

Бір минут ішінде баспен ең көп сындырылған унитаз қақпағы

Келесі рекордты оқи отырып, еріксіз түрде мұндай сайыстарды кім ойлап табады деген сұраққа Себебі бас пен унитаздың отырғышы еш үйлеспейтін нәрсе. Американдық кинолардан көретін орта мектеп бұзақыларын қоспағанда. Дегенмен, унитаздың ағаш қақпағын сындырудан рекорд орнатқан адам бар. Ол американдық Кэвин Шелли. Бір минут ішінде ол басымен 46 отырғыштың тас талқанын шығарды.

Бір минут ішінде айналып тұрған бұрғыға асылған адамның  мүмкіндігінше көп айналуы

Мұндай ерлікті жасау үшін қолдың мықты болуы қажет, себебі ацналу кезінде бүкілдененің салмағы қолға түседі. Қазіргі рекордты Германиялық Ху Гианг орнатты - 60 секунд ішінде 148 рет айналған. Әрбір үйде бұрғының болғанына қарамастан, біз бұл трюкті қайталауға кеңес бермейміз.

Дененің түрлі бөлігімен ауыр заттарды көтеру

 Кейбіреулерге қолдың күшті болғаны жеткіліксіз екен:  бүгінде кейбір адамдар мүлдем ақылға қонбайтын рекордтарды бетпен, көзбен, құлақпен, тілмен және тіспен орнатуда.

Тілмен көтерген ең ауыр салмақ – 12,5 келі. Бұл рекордты Ұлыбританиялық Томас Блэкторн орнатқан екен.

Ал британдық Маньит  Сингх бір көзімен 14 келі салмақты бағындыра алған. Өз кезегінде қытай азаматы Янг Гуанг екі көзімен 23,5 келілік салмақты көтергенімен көзге түсті.

Келесі рекордты Үндістан елінің азаматы Ракеш Кумар өз құлақтарын қолдану арқылы орнатты. Арнайы қысқыштардың көмегімен Кумар 80,78 келі көтерді.  

Мұздағы дене

Реніш болмасын әрине, бірақ, суық климатты елдерде өмір сүретін адамрға бұл рекорд барып тұрған ақылсыздық болып көрінетіні сөзсіз. Үсу, мұздау – есі дұрыс адамның жасауға талпынатын ісі емес.

Бірақ, бұл сөз Нидерландық Уим Хофке мүлдем келмейтін сияқты. Ол 1 сағат, 52 минут, 42 секунд бойы толықтай қар ішінде өткізді. Хофты Discovery Channel телеарнасының «Ерекше адамдар» бағдарламасынан көрсетті.

Арқамен шар жару

Бұл рекорд орасан зор шыдамдылық пен иілгіштікті талап етеді. Юлия Гюнтел есімді Германия азаматы Гиннесс рекордтар Кітабында екінші орынды иеленген: екі бүктелген ол тек арқасын қолдану арқылы бар-жоғы 12 секунд ішінде 3 шарды жарып үлгерді.

Жатқан адам үстінде қарбыз кесу

Осы рекордты орнату үшін мачете қолданылды. Ал ерліктің мәні мынада: 60 секунд ішінде жатқан адам денесінің үстінде мүмкіндігінше көп қарбыз кесу қажет. Рекордты аустралиялық Джим Хантер мен Селия Кертистер (көмекші, соның үстінде қарбыз туралады) қойды. Бір минутта Хантер 25 қарбыз кесіп үлгеріпті.

Үстіне киген жейде саны

Кейбір кәсіби спортшылар футболға еш түсініксіз және түкке тұрмайтын рекордтарды орнату үшін барады. Бразилиялық Марсело Риберо да Сильва футбол матчы басталмай тұрып, үстіне бірден 21 жейде киіп алыпты. Ал ойын кезінде бір-бірден шешіп тұрған екен.

Ал егер сіз танымал болуды қатты қаласаңыз, бірақ, футболға деген қабілетіңіз бен спорттық тәжірибеңіз айтуға келмес, сіз Джеф ван Дик секілді үстіңізге 257 жейде киіп алуыңызға болады. Осының арқасында Джеф Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Басындағы бір стакан суды төкпеq жүрген иттің қадамдары

Лақап аты Суит Пи болатын аустралиялық  овчарка осы уақытқа дейін екі рет рекорд орнатып үлгерді: басына қойылған бір стакан сумен тепе-теңдікті жоғалтпай алға және артқа 10 қадам жасай алған.

 

.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: publy.ru, freedom.sumy.ua 

Ж. FM