Адамдар бір-бірімен дыбыс арқылы түсінісуден сырт, кейде үнсіз дене қимылдары арқылы да тіл табыса алады. Үнсіз ишараларда қандай әдеп-иба сақталуы керек?
Көз жанары арқылы түсінісу. Қарадым екен деп көзіңді шарасынан шығарып қарсы жағыңа тесірейіп алмауың керек. Бұл жағдай басқаларды ыңғайсыздандырып қоюы мүмкін. Әңгімелескенде табиғи түрде жанарына жанарыңды қадап, көзіңді дамылсыз жыпылықтатудан сақтансаң болғаны.
Күлімсіреу. Адамдар ара байланыстағы өнімді дәнекер. Қайшылықты бәсеңдету мен достасудың табылмас амалы. Күлімсіреу қарсы жағыңмен болған ара қашықтықты қысқартады, әрі, тамаша әсер қалдыруыңа көмектеседі. Ай сұлулар жөнінен алғанда жымиып күлу кісінің тартымдылығын арттырып, баурау қуатыңды жоғарлатады.
Қол алысу. Есендесуде жиі қолданылатын қимыл, әрі, наразылықты жоюды білдіретін, достықты әйгілейтін мағынаға ие. Қол алысудың бірдіретін мағынасы көп. Табысқа жеткендерді қол алысып құттықтауға, жеңіліске ұшырағандармен қол алысып оларға түсіністік танытуға, одақтастармен қол алысып үмітті білдіруге, қарыс жағыңмен қол алысып ымыраға келуіңе, жараланған жанмен қол алысып көңіл сұрауды, алысқа аттанып бара жатқандармен қол алысып қоштасуды білдіруге болады. Қол алысқанда қарсы жақтың жанарына жанарыңды қадап, сәл күлімсіреп, оң қолыңды ұсынуың керек. Қол қысысқанда жанды қимыл жасаған жөн.
Бүгінгі заманда мол мүмкіндігің мен жеткілікті ақшаң болса да әдеп-ибадан жұрдай адамның тасы ешқашан өрге домаламайды. Әрбір адамның адамилық қасиеті мен көрген тәрбиесі, сенімділігі, қарсы жаққа берген сәлемінен басталады. Сондықтан табысқа жетуді көздеген әрбір жан адамдар ара қарым-қатынаста осы мәселелерге баса назар аударғаны жөн.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: yahoo.com