Киімге су жұқтырмайтын спрей

Киімге су жұқтырмайтын спрей

Қызыл шарап немесе кетчуп тамшылары абайсызда киімге тамып кетсе болды көптеген адамдар әдетте сол киімді тастайды немесе ешқашан қайта кимейді. Бірақ жаңа супергидрофобты спрейдің көмегімен енді мұндай жағдайдан түбегейлі арылуға болады. Жақында ғаламтор беттерінде кез келген нәрсеге қолданыла беретін NeverWet супергидрофобты (ежелгі грек тілінен  - су және қорқыныш дегенді білдіреді) – бұл сумен байланысудан қашатын молекуланың физикалық қасиеті)спрейдің пайда болғаны жайлы хабарламалар шықты.

Жуырда аталған өнім жобалаушылары яғни «Росс Нанотехнология» (Ross Nanotechnology) компаниясы өздерінің өнімін лак және бояудан жасалған өнімдердің өндірісімен айналысатын «Руст-Олеум» (Rust-Oleum) фирмасына лизенциялап берді.

«Руст-Олеум» өкілдері қарап қалмай, бірден ғажап спрейді сатылымға шығара бастады. Оның құны 19,97 доллар.

NeverWet жиынтығында негізгі және үстіңгі қабат болып бөлінетін екі баллон бар. Олар кез келген затқа тіпті металл, ағаш, мата және пластикке су жұқпайтын қасиет беру арқылы, 10-15 шаршы метр жерге дейін аумақты қамти алады.

Аталған өнімді қолдану ережесі өте оңай: алдымен 30 минут ішінде кеуіп қалатын негізгі спрей қолданылса, сосын үстіңгі қабат себіледі.

Аталған процесстен кейін киімге, аяқ киімге немесе тіпті картоннан жасалған қандай да бір затқа сұйықтық сіңіп кете алмайтын болады.

Өкінішке орай, өндіруші компания NeverWet-ті терезе секілді мөлдір заттарға қолдануға кеңес бермейді себебі кепкеннен соң заттар өзінің басты қасиетінен арылады екен. Ал бұл жаңа спрейді электрониканы  қорғауға қолдануға болмайды деген сөз.

Дегенмен, спрей қасиетін көрсететін зерттеуші су өтпейтін iPhone-ды қалай жасау керектігін көрсетті.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM