Киім басып шығаратын принтер

Киім басып шығаратын принтер

Бірте-бірте басқа да салаларға еніп жатқан 3D-принтерлер қарапайым қолданушыларға да қолжетімді болып келеді (3Doodler қаламын есіңізге түсіріңізші). Бүгінде фантастикалық кітаптан алынған жалған нәрсе болып көрінетін киім басып шығаруға арналған осы бір концепт принтер бірнеше жылдан кейін коммерциялық тауарға айналуы да әбден мүмкін.  

Бұл құрылғы сенсорлы экранмен жабдықталған және қабырғаға ілінеді. Принтер көптеген киім дүкендерімен жұмыс істейді. Қолданушы бар болғаны дүкен өнімдері ішінен қалағанын таңдап, құрылғының сол киімді басып шығарғанын күтуі ғана қажет. Сондай-ақ, принтерде мата түрін таңдау мүмкіндігі де қарастырылған.

Егер киім жалықтырса, принтер оны әуелгі кейпіне қайта келтіре алатын болады. Киім басып шығаруға арналған концепт принтерді Джош Хэррис есімді дизайнер ойлап тапқан. Автордың ойынша, аталған өнертабыс тек 2050 жылдары жүзеге асады. Ал біз осы бір ерекше принтер жаппай қолданысқа анағұрлым ертерек шығады деп үміттенеміз.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

Ж. FM