Кеңседегі қызықты фотосессия

Кеңседегі қызықты фотосессия

Беттина Гюбер есімді неміс фотографы кішкентай адамдардан көңілді фотосессия жасады.

Кез келген бала ұйқыға кеткен кезде ойыншықтардың оянатынына сенеді. Ал Беттина Гюбер болса қызметкерлер жұмыстан үйіне қайтқан кезде кеңседе не болатыны туралы бір сәт қиялға ерік берген.

Түн ауған кезде кішкене теміржолшылар өз жұмыстарын тастап, көңіл көтеруге көшеді.

Ендеше бірге тамашалайық.

Бұлай жасай көрме!

Әй, бұл өте маңызды жазу болатын!

Менің қаламсабым қайда жоғалып кете береді десем...

Түнде кеңседе осындай қызықтар болады екен.

Бәрі үйіне қайтқан кезде кеңсе ойын-сауық алаңына айналады.

Би кеші.

Қыздар жәй ғана көңіл көтергісі келді.

Қызыққұмар Варвара қағаз қыстырғышқа толы құтының ішіне қамалып қалыпты.

Абайла, бұл өте қауіпті!

Ойнап жүріп от басты деген осы!

Ұштағыштың ішіндегі қайғылы қаза...

Кеңседегі той.

Футбол ойнаймын дегенге алаң табылады. Мейлі, қақпасы дөңгелек болса да...

Шоппинг ханшайымы.

Маңызды отырыс.

Үзіліс.

Кімге кофе керек?

Таңертеңгі пошта.

Бұндай биік өкшелі аяқ киімнің иесі кім болды екен?

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Ш. Талап