«Колеса» компаниясының жаңа иесі пайда болды. Бұл Қазнеттегі ең ірі келісім болып саналады, алайда «Колеса» және «Крыша» газеттері мен сайттарының сатылым сомасы белгісіз.
Компанияның жаңа иелері АҚ "Kaspi Bank" директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. Олар аталған компанияның 100 пайыздық акциясын иемденген.
«Бізді компанияның өзі мен оның командасы қызықтырды. «Колеса» өз саласында үздік саналады, біздің жоспар – сол орынды сақтап, мақтан тұтатындай «Қазақстанда жасалған» өнім жасау», - дейді ЖШС Колеса-ның бақылау кеңесінің төрағасы Ломтадзе.
Сонымен қатар, ЖШС Колеса-ның баспа басылымы нарықта 16 жыл уақыт еңбек етіп келеді, газеттерде 15 мыңнан астам жеке жарнама бар.
Айта кетсек, kolesa.kz және krisha.kz сайттары 2006 жылы құрылды. Ал қазіргі таңда оларға ай сайын 2,5 миллион қолданушы кіріп тұрады. Аталған порталдар өз саласында көшбасшы болып саналады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: wikicity.kz