- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Қазнетте ең үлкен...
Қазнетте ең үлкен шартнама жасалды
«Колеса» компаниясының жаңа иесі пайда болды. Бұл Қазнеттегі ең ірі келісім болып саналады, алайда «Колеса» және «Крыша» газеттері мен сайттарының сатылым сомасы белгісіз.
Компанияның жаңа иелері АҚ "Kaspi Bank" директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. Олар аталған компанияның 100 пайыздық акциясын иемденген.
«Бізді компанияның өзі мен оның командасы қызықтырды. «Колеса» өз саласында үздік саналады, біздің жоспар – сол орынды сақтап, мақтан тұтатындай «Қазақстанда жасалған» өнім жасау», - дейді ЖШС Колеса-ның бақылау кеңесінің төрағасы Ломтадзе.
Өз кезегінде Колеса-ның директоры Николай Бабешкин компанияның көшбасшы позициясы жайлы бірнеше дерек келтірді: 2012 жылы Колеса мен Крыша сайттарына 15 миллионнан астам бірегей қолданушы кірген. Ал бұл көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында 30 пайызға өскен. Компанияда 150 адам қызмет етеді, олардың көбі баспаның газетті нұсқасында еңбек етеді екен. Ал сайтта бірнеше программист пен модераторлар жұмыс істейді. Бабешкиннің айтуынша, қызметкерлер санын ұлғайту әзірге жоспарланып отырған жоқ.
Сонымен қатар, ЖШС Колеса-ның баспа басылымы нарықта 16 жыл уақыт еңбек етіп келеді, газеттерде 15 мыңнан астам жеке жарнама бар.
Айта кетсек, kolesa.kz және krisha.kz сайттары 2006 жылы құрылды. Ал қазіргі таңда оларға ай сайын 2,5 миллион қолданушы кіріп тұрады. Аталған порталдар өз саласында көшбасшы болып саналады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: wikicity.kz
Ж. FM