Қазақстандықтар тамыз айының басынан бастап түнгі аспанда Персеид метеорит жауынын тамашалай алады. Жауын апогейі (кемелі) айдың 12-нен 13-не қараған түні болады деп күтілуде. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Фесенков атындағы астрофизикалық институттың бас ғылыми қызметкері Любовь Шестакова бұл туралы: "Персеидтер деп аталатын ескі кометаның бөліктері жер атмосферасына кіріп, жанып, жойылады. Бұл көрініс Персей шоғыры екі немесе үш түннің көкжиегіне таяғанда барлық аймақта көрінетін болады. Шамамен сағатына 60-70 қызғылықты көрініс орын алады. Егер осы жарықтардың траекториясын ойша бір сызықпен біріктірер болсақ, олар Персеид шоғырымен сейкес келеді", - деп түсіндірді Шестакова.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/4WMit9YCj5U","width":"450","height":"256"});
2011 жылдағы Персеид метеорит жауыны
Маман сонымен қатар, бұл оқиғаның соңғы жүз жылда ай сайын қайталанып келе жатқанын айтып өтті. Айта кетелік, бұл "жұлдыздар шоуы" Жер траекториясы ескі кометаның траекториясымен сәйкес келген кезде орын алатын құбылыс. Шестакова, сонымен қатар, аталған қызықты көргісі келетіндердің қаладан алыстап, ашық далаға бет алғандығы жөн екендігін айтты. Себебі қала жарығы бұл от шашуды көруге кедергі болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: astronet.ru (Ванкувердегі Персеид метеорит жауыны, 2008 жыл)