Қазақстандықтар ерекше жұлдыздар ағынын тамашалай алады

Қазақстандықтар ерекше жұлдыздар ағынын тамашалай алады

13-15 желтоқсан аралығында қазақстандық әуесқой астрономдар қызық астрономиялық құбылыс - Геминида ағынын тамашалай алады, деп хабарлайды YK-news.kz

В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт Ай және ғаламшар физикасы зертханасының жетекшісі Виктор Тейфельдің сөзінше, бұл ерекше құбылыс ескі коматалардың құлауы нәтижесінде орын алады. "Жер шары күніне бірнеше мыңдаған жұлдыздар ағынын қабылдайды, дегенмен Жер тұрғындары олардың тек белгілі бөлігін ғана тамашалай алады",-дейді ғалым.

Ғалым сондай-ақ халық арасында дүрбелең туғызып отырған ақырзаман жөніндегі әңгімеге де өзінше нүкте қойды. Оның айтуынша, бұған ешқандай ғылыми да, басқалай да негіз жоқ. Жақын арада Жер ғаламшарына бірде-бір астероид жақындамайды. Сондықтан ол халықты бос сөз бен жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: liveinternet.ru

Б. Қосмағамбет