- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Қазақстандық студенттер кепілсіз...
Қазақстандық студенттер кепілсіз білім несилеріне қол жеткізе алатын болды
Қазақстандық студенттерге Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы ұсынған кепілсіз білім несиелері берілетін болады, деп хабарлайды primeminister.kz.
"Оқу барысында оқу ақысын төлейтін мүмкіндігі жоқ немесе мемлекеттік білім гранттарына қол жеткізе алмаған талапкерлер мен студенттерге мемлекет кепілдік беретін білім гранттары берілмек. Қазіргі кезде 4 банк біздің серіктестеріміз болып табылады. Олар студенттреге Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы кепілдендірген несиелерін ұсынып отыр",-дейді орталық төрайымы Забира Оразалиева.
Сондай-ақ ол орталық беретін кепілдік несие алушының сабақ үлгеріміне қарайтынын да айта кетті. Яғни студенттің үлгерімі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым орталықтың кепілдігі де жоғары болмақ.
Айта кетейік, бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер ұсынған білім несиелері студенттерге 9 пайыздан жоғары көрсеткішпен 17 жылға дейін беріледі.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: pr-hal.kz
Б. Қосмағамбет