Қазақстан спамдардың жан басына шаққандағы саны бойынша «ондық» қатарына кіріп, рейтингке екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Sophos спамдардан сақтану жүйесі және антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін шығарушысына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Ал көш басында Беларусь елі келе жатыр.
Алайда спамдарды тарату көрсеткіші бойынша бірінші орынды АҚШ алса, одан кейін Беларусь орналасқан. Сондай-ақ ондыққа жаңадан Қазақстан, Украина және Оңтүстік Корея мемлекеттері кірген. Осы орайда Қазақстанның үлесіне 2013 жылдың сәуір-маусым айларында әлем бойынша қажет емес хабарламардың 3,3 пайызы кірген.
Қажет емес хабарламалардың жалпы көлемі бойынша жасалған рейтингте кейбір елдер (АҚШ, Қытай) спамдардың сол мемлекеттегі адам санына бөлгенде, олар Люксембург немесе Қазақстан сияқты елдерге орын беріп, тізімнен шығып қалып жатады. Сондай-ақ Қазақстанда спамдарды тарату бойынша кибер-қылмыстың барынша етек алғандығы да айтылып отыр.
«Біздің «ондықта» болуымыз спамдарды шығарушы елдердің рейтингісі еместігін айтқым келеді. Ол рейтинг тек сол спамдарды қаскүнем адамдардың қатардағы азаматтарға жіберуін ғана есептейді. Егер сіз қайырымды елде өмір сүріп жатқан қайырымды адам болған күннің өзінде, жеке компьютеріңіздің қауіпсіздігін ойламайтын болсаңыз, өз еліңізді аталған рейтингте «ондыққа» кіргізуге себеп боласыз»,-дейді Sophos ақпараттар қауіпсіздігінің ардагері Пол Даклин.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: novoskop.ru