Қазақстанда қазақ ертегілері мен аңыздарының кейіпкерлері сомдайтын жаңа компьютерлік ойындар жарыққа шығады. Ойындар қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің ерекшеліктерін бейнелейтін болады, деп хабарлайды 24 kz.
Отандық жаңа өнімді шығару жұмыстарын талқылау үшін сенбі күні Астанада виртуалды ойындарды құрастырумен айналысатын қазақстандық, ресейлік және беларусьтік мамандар бас қосып, жиын өткізді.
Компьютерлік ойындар жасаумен айналысушы мамандардың бірі Максим Иванченко: "Дәл осындай ойындардың баланың дамуына пайдасы зор. Жаңа заманға сай баланың интеллектуалды мүмкіндігін арттыру жолында виртуалды ойындар ең қажет дүние. Әрине сапалы ойындар жасап шығару үшін ең алдымен қазақстандық компьютерлік ойындар базасын жетілдіру керек", -деді.
Бірақ осыған дейін де отандық ойындардан "Astana Racer" және "Динаның хикаясы" атты өнімдер шығып, олар сұраныстың жоқтығынан тұралап қалған болатын. "Меломан" компаниясының өкілі Карина Әбуғалиевның сөзінше, аталған ойындардың өте төмен сапада шығуы сұраныстың болмауына себепші екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: uraldev.ru