Қай қабатта өмір сүрген пайдалы?

Бір топ ғалымдар мен медиктердің өткізген зерттеуінен соң, жоғарғы қабаттарда өмір сүрудің адам денсаулығына зиян екендігі анықталды. Мәселе мынада. Адамның жер бетінде қалыпты өмір сүруі үшін белгілі деңгейде жердің магниттік өрісі қажет. Ал биіктеген сайын бұл өрісітің әсері азаяды түседі. Осының себебінен адамның денсаулығына қатысты түрлі проблемалар басталуы мүмкін.

7-қабаттан жоғары қарай магниттік өрістің әсері азайып, адам денсаулығына белгілі деңгейде зиян келетін болып шықты. Жалпақ тілмен айтқанда, өріс әсерінің 2 есе азаюы, адамды түрлі қиындыққа ұшыратуы мүмкін. Тіпті, ғалымдар биікте өмір сүру адамды тез қартайтады деп отыр.

Бұл көрсеткіш үй салуда пайдаланылған құрылыс материалдарына да көп байланысты екендігін айта кетелік. Мәселен, бетон өрісті 10%-ға, кірпіш тастың 7%,-ға ағаштың 1%-ға әлсіздендіретіні белгілі болған. Геомагниттік өрістің әлсіреуі жүрек ауруларына, жүйке жүйесіне, иммундық жүйеге кері әсерін тигізеді.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: citypicture.ru