Қасқырлар туралы қызықты деректер (жалғасы)

Қасқырлар туралы қызықты деректермен таныстыруды жалғастырамыз.
 
• Ең кішкентай қасқырлар Таяу Шығыста мекен етеді. Олардың салмағы бар-жоғы 30 кг. Ал ең ауыр және ірі қасқырлар Канада, Аляска және Ресей аумағында көптеп кездеседі. Олардың салмағы 80 кг-нан асады.
 
• Қасқырлар бір-бірін келе жатқан қауіп-қатерден сақтандыру үшін ұлиды. Жалғыз ғұмыр кешетін жануарлар жалғыздықтан да ұлуы мүмкін. Әдетте олар 5 секундтан артық дауысын созбайды.
 
• Қасқырдың көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады. Осы қабат арқылы олар түнде де айналысындағы қозғалыстарды айқын бақылап отыра алады.
 
• Қасқырлар өмір сүретін мекенде міндетті түрде бір топ қарғалар да болады. Олар жыртқыштардан қалған азықты шұқып жеп, күн көреді. Кейде қасқырларды өздеріне қорған ретінде пайдалануы мүмкін.
 
• Ежелгі ацтектер қасқырдың бауырын меланхолияны емдеуге пайдаланған.
 
• Орта ғасырдарда еуропалықтар қасқырдың бауырын толғағы келген әйелдердің ауруын басу үшін пайдаланған.
 
• Ежелгі үндістер қасқырды өлтірген қаруды ары қарай пайдаланбайтын болған. Сонымен қатар, олар өлген қасқырдың бауырлары міндетті түрде кек алуға талпыныс жасайды деп сенген.
 
• Англияда жабайы қасқырлар 1500 жылы атылып болды. Ирландияда 1700 жылы, дат жерінде 1722 жылы жергілікті халық қасқырларды құртып бітірген.
 
• Қасқырларды алғаш қызыл кітапқа енгізген - Германия мемлекеті. Бұл шешім 1934 жылы Фридрих Нидцше мен Освальд Шпенглердің ықпалымен қабылданған. Қызыл кітапқа енген жануарлардың ең алғашы осы қасқырлар болып табылады.
 
• Басқа жануарларға қарағанда, қасқырлар өзара түсінісу үшін мимикаларды көбірек қолданады.
 
• Қазіргі кезде жылына шамамен 7000 қасқырдың терісі сатылады. Олар негізінен Ресей, Монғолия, Қытай елдерінен шығады. Халық бұл терілерді пальто тігу үшін пайдаланады.
 
• Қазіргі кезде қасқырлардың популяциясы шамамен мынадай. Канада мен Аляскада 50 мың қасқыр, АҚШ-та 6500. Еуропа аумағы бойынша, Италияда 300, Испанияда 2000 мың, Норвегия мен Швецияда 80, Польшада 700, бұрынғы КСРО аумағында 70 мыңнан астам жануар тірлік етуде.