Адамға қас не үшін керек? Оның қызметі қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көріп пе едіңіз? Канада Мемлекеттік Йорк Университетінің зерттеушілері қас ежелгі адамдар арасында қарым-қатынастың дамуына, оларға бір-бірін түсінуге септігін тигізді деген қорытындыға келген. Қабақ үсті сүйектерінде орналасқан түктер ежелгі адамдармен салыстырғанда өзгеше. Ал, оның еркін қимылдайалуы адамның ымдау үрдісі арқылы адамдарға сезімін көрсетеалатынын дәлелдейді. Қас адамның эмоциясын көрсететін дене мүшесі. Homo тұқымының өзге өкілдерінің қастары біздің қастан ерекшеленеді. Кейбіреуінде әлі күнге дейін қабақ үсті сүйектері ірі күйінде қалған. Ғалымдар оның екі себебі бар деп тұжырымдайды. Бірі қабақ үсті сүйегінің ірі болуы кейгоминид түріне жататын сүтқоректілердіңбет сүйегінде кейбіркеңістіктерді толтырады десе, енді бірі ірі сүйектер өзге жануарлармен күресу барысында олардың миына зақым келуден сақтаған деген пікір білдіреді.Ал, қазір адамға қастың не керегі бар деген сұрақ тууы мүмкін. Ендеше оның жауаптары мынадай:1. Қорғану: Қас адамның көзіне сұйықтық түспеуіне әсер етеді. Мысалы, жаңбыр немесе тер. Биологиялық тұрғыдан, көзге тамшыданзиян болмағанымен, физикалық тұрғыдан сұйықтық тамшысы көз жанарының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. 2. Қарым-қатаныс: Қабағын түйді, қабағы ашылды деген сөз тіркестерінен-ақ қастың адамөмірінде маңызды рөл атқаратынын түсінуге болады. Адамдар бірін-бірі сөзсіз қалай түсінеді?Адамның көзінен бөлек, қабағы да қарым-қатынасорнатуға септігін тигізеді. 3. Жіктеу: Саусақ ізі секілді қас әр адамда әртүрлі. Адамдар, жануарлар бұлардың барлығында қабақ бар. Сондықтан, олардың ұқсастықтарына байланысты жіктеуге болады дейді ғалымдар.