- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Қарағандылық студенттер 3D...
Қарағандылық студенттер 3D принтер жасады
Қарағандылық қарым-қабілеті зор студенттер 3D принтерін жасап шықты.
Жас ғалымдар осы заманауи құрылғының көмегімен инновациялық жобаларын іске асырмақ. Студенттер жасаған 3D принтер америкалық баламадан жеті есе арзан тұрады. Айти-орталығына Қарағанды политехникалық колледжінің барлық студенттері қатыса алады. Мұнда олар бағдарлама түзумен айналысып жүр. Бұл реттеуші тетіктер кәсіпорындарда өндірісті автоматтандыру үшін ауадай қажет.
Сондай-ақ, бұл құрылғылар арқылы ақылды баспананы басқаруға да болады. Қазір политехникалық колледжде 16 мамандық бойынша 5 мың студент білім алып жатыр. Бес жыл бұрын білім ошағы дуалды білім беру жүйесіне көшкен болатын. Соның арқасында түлектердің 80 пайызы бірден жұмысқа орналаса алады.
"Біздің орталықта студенттер ойлап тапқан заманауи құрылғылар көп. Бізде автоматтандырылған қойма бар, онда толық контроллер арқылы жұмыс жасауға болады. Жүк тасымалдайтын лифт бар. Қазіргі өндіріс ошақтарында барлық жүйе автоматтандырылған, сондықтан бұл ойлап тапқан құрылғыларды патенттеп алуды көздеп отырмыз", дейді қалалық политехникалық колледж ақпараттық технологиялар бойынша директордың орынбасары Рамазан Қалиев.
Дереккөзі: 24.kz
Н. Айдархан