Қара сүйекті қара балапан

Бұрын-соңды қара балапанды кездестіріп пе едіңіз? Әлде естіп-біліп дегендей? Не десек те, қара балапан деген ұғым бар болып шықты.

Өнеркәсіпке дем берген Қытай елінде қара балапандар сұмдық жеңсік ас саналады. Ал еуропалық ағайындар сәндік мақсатта ғана қолданып отыр. Бәрінен бұрын, ет пен сүйегі қартаюдың алдын алатын көрінеді. Бірқатар ауруларға да ем екен. Және жаңа босанған қытайлық келіншектер қалжалайды. Ағзаны ретке келтіруде өте пайдалы болса керек-ті. Таяуда ғылымның өзі де зерттеу жүргізіп, генетикалық мутация әсерінен қара балапанның өзгеріске ұшырағандығын дәлелдеп шығыпты. 

Енді дүниеде қара балапанның бар екенін білерсіз деп ойлаймын?! Қанаттанудың қатыссыз екенін. Және қара терілі, қара ет-сүйекті қара балапан болатынын. Азияда кең таралғанын және ішіндегі ең танымалы қытайлық Silkie балапаны екенін. 

Silkie мамық жүнмен көмкерілген құстың ең бір әдемі түрі. Мамық жүні жібекке келеді. Терісі көшіл-қара түсті, денесі қара-сары, ал сүйектері мен кейбір ішкі мүшелері қара майдай қап-қара. Батыста оларды сәндік мақсатта ғана тұтынады, ал Қытайда қара балапандарды керемет жеңсік ас санайды. Әсіресе, қытайлар қара балапанның өзіндік бір арнаулы иісін ұнатады. 

Жаңадан босанған қытай әйелі ағзаны ретке келтіру үшін Silkie балапанын жейді. Себебі, балапанның еті ағзаны сауықтыруға жақсы. Бұл тұқымның балапандарын етінің емдік қасиеті жойылып кетпеу үшін, сирек қуырады. Көбіне сорпа жасап ішеді. Көбіне ауру-сырқауларға жасайды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/edj-ZsMAJcs","width":"450","height":"338"});

2011 жылы silkie балапандарына генетикалық зерттеу жүргізіліп, қара терінің генетикалық мутация әсерінен өзгеріске ұшырағанын анықталыпты. Яни, генетикалық мутация пигменттің өсуіне алып келген (тауық ішіндегі бояйтын зат). Нәижесінде нақ осы бір мүшенің өсіп-өнуі ет пен сүйектің қараюйына себеп болған десіпті.

Тауық етінің құрамы диабет пен аутизмге қарсы тұратын күшке ие. Ағзаның қартаю процесін баяулатады екен. 

Тауық етінің дәмі қарапайым тауықтікінен ерекшелене қоймайды. Бірақ, иісі көпшіліктің қолайынан шыққандықтан, әсіресе, денсаулығына алаңдаулы ағайын қатты елеп-ескереді. 

Ұмытпай тұрғанда, қытайлар арасында қара балапанның емдік қасиетіне байланысты түрлі аңыздар мен тәмсіл әңгімелер таралған. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: lydiafromtexas.wordpress.com