Кеңес Одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтпаевтың құрметіне осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни 1979 жылдың 31 шілде күні ашқан ғаламшарына (астероид, кіші планета) Сәтпаев есімін берген.
Николай Черных Қырым астрофизикалық ғылыми зертханасында 1963 жылдан бастап жұмысын бастаған. Галактиканың кіші көлемді ғаламшарларын (астероид) зерттеу, барлау, анықтау жұмыстарымен айналысып, 537 кіші ғаламшар ашқан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Черных 1459 астроном ғалымның арасынан кіші ғаламшарларды ашу бойынша 31-ші орынды иеленді. Ал жары Людмила Ивановна әйел астрономдардың ішінен 268 кіші планета ашып 2-ші орыннан көрінген.
Николай Черных 1979 жылы Марс пен Юпитер арасында қозғалып жүрген кіші ғаламшардың атын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімімен атаған. "Абай ғаламшары" Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығының каталогына 4466-шы болып тіркелген. "Абай ғаламшары" әр бес жыл, төрт күн сайын Күн жұлдызын бір мәрте айналып шығады. Сонымын қатар, Черных тап осы жылы тағы бір кіші ғаламшарға "Қазақстания" деген атау қойған болатын. "Қазақстания" ғаламшары Күнді 3 жыл 3 ай 10 күнде айналып шығады.
Оқи отырыңыз:
Марс ғаламшары туралы қызықты деректер
Марста өмір сүрудің қандай мүмкіндіктері бар?
Аталар солай атаған (Ежелгі жер, су, ел-жұрт атаулары)
Аптаның үздік фотолары: Ғарыштан түсірілген фотолар
Жердің тартылыс күші Айдағы кратерлердің пайда болуына себепші
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: ru.wikipedia.org