Канадалық Британ Колумбиясының тұрғыны салмағы 26 килограмм болатын саңырауқұлақ тапты. 62 жасар Кристиан Террьен баласы Себастьенмен серуендеуге шыққанда, алып жаңбыршыға (саңырауқұлақтың бір түрі) тап болған.
Террьеннің айтуынша, оның баласы мен өзі табылған олжаның тым үлкендігіне қатты таң қалған. Канадалық бұдан бұрын да үлкен жаңбыршыларды тапқанын, бірақ дәл осындай көлемдегі саңырауқұлақты бірінші рет көргенін айтып өтті.
Канадалықтар 26 килограмдық саңырауқұлақты туысқандарына, достарына көрсетіп, онымен суретке түскеннен кейін, қайтадан орнына апарып тастаған.
Журналистермен болған әңгімеде, Террьен 2011 жылы Британ Колумбиясында салмағы 11 килограммдық жаңбыршының табылғанын хабарлады.
P.S. Жаңбыршы саңырауқұлақтар жеуге жарамды саналады. Оның түсі ақшыл түстен қара түске ауыспағанша (бұл саңырауқұлақтың жетіліп, тұқымдарын шашуға дайын екендігін білдіреді) асқа да қосуға болады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: vk.com