Қан – плазма мен түрлі пішінді элементтерден құралған сұйық ұлпа.
Қанның қызметі:
Тасымалдаушы: Қан көмірқышқыл газы мен оттегіні, сонымен қатар ағзаға керекті қоректік заттарды, ферменттер мен медиаторларды тасымалдау қызметін атқарады. Сіз демалған сайын қан айналым үдерісі жүзеге асатынын білетін боларсыз. Қан айналым қызметінің негізгі міндеті – адамды демалу үрдісімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар қан тек пайдалы заттарды денеге тасымалдап қана қоймай, токсинді заттарды ағзадан сыртқа шығару үшін де қызмет етеді.
Қорғаныш қызметі: Қандардың құрамындағы лейкоциттер арқылы иммунитетіңіз сыр бермейді. Қанның құрамында антоксиндер бар. Сонымен қатар, қан кету кезінде оны тоқтатуға қатысатын тромбоциттердің өзі қорғаныш қызметін атқарады.
Гуморальді қызметі: биологиялық белсенді заттар ағзаға түскен бойда ыдырап, қанға беріледі. Сіз жұтқан нан сол күйінде емес, оның құрамы қан тасымалдайтын нәруыздар мен түрлі белсенді ағзаларға ыдырайды. Сіздің денеңізге керекті кез-келген қоректі қан уақытылы жеткізіп отырады.
Адамның денесіндегі қанның мөлшері қандай?
Адамның денесіндегі қанның мөлшері 5-6 литр аралығына сәйкес келеді. Күн сайын қанның осыншалықты мөлшері сіздің жүрегіңіз арқылы 1000 рет өтеді.
Қанның құрамы қандай?
Қан сұйық плазмадан әрі пішінді денелерден тұрады: эритроцит, лейкоцит және тромбоцит.
Эритроцит (қанның қызыл денелері) – құрамында гемоглобині бар, тыныс алуда маңызды рөл атқаратын, сонымен қатар қанға қызыл түс беретін элемент. Қаныңызға тексеріс жүргізген кезде, сіздің қаныңыздың мөлшерін дәл осы элемент арқылы өлшейді.
Лейкоцит (қанның ақ денелері) – қорғаныш қызметін атқарады. Оның денеде тым көп болуы ақ қан ауруына әкеліп соғады.
Тромбоцит (қанды пластиналар) – қанның ұюы үшін жұмыс істейді. Денеңіздегі жарақаттың бетіндегі қою қызыл түсті қабыршақтар – тромбоциттер.
Плазма органикалық және бейорганикалық заттар мен судан құралған ерітінді.
Нәруыздар: альбумин, глобулин және фибриноген
Бейорганикалық тұздар: хлор ионы, бикарбонат анионы, фосфаттар мен сульфаттар. Сонымен қатар, натрий, калий, кальций, магний иондары.
Тасымалдаушы заттар: Ас қорыту үшін глюкоза, аминқышқылдары керек болса, тыныс алу үшін азот пен оттегіні қажет етеді.
Қанға қатысты қандай қызықты деректер білесіз?
1. Жапондар қанның тобы адамның мінезіне қатты әсер етеді деп есептейді. Бірінші топқа жататын адамдар көбіне тәуекелге бел буады, шешімді оңай әрі тез қабылдайды. Екінші топқа жататын адамдар мінез жағынан тұйық болса, үшінші топқа тиесілі ақыл мен тазалық екен. Ал төртінші топтың адамдарын салмақты деп есептейді. Жапонияда бұған қатты мән беретіні соншалықты, қан тобыңыз сәйкес келмесе жұмысқа алмауы әбден мүмкін.
2. Антарктикадағы мұзды балықтардың қанында гемоглобин жоқ. Сол себептен, оның түсі – ақ. Бұл ерекшелігі төмен температурада мекен етуіне мүмкіндік береді.
3. Кейбір қан топтарының әлемде кездесу жиілігі сирек. Бірінші қан тобына ие жандар арамызда жиі кездеседі. Екінші қан тобы Еуропа тұрғындарының арасында жиі кездесетін болса, үшінші топты иемденгендердің мөлшері небәрі – 13%. Төртінші қан тобы әлемдегі ең сирек кездеседі, тек 7%-ға жуық тұрғынның қаны осы топқа жататыны анықталған.