- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Кактус та гүл......
Кактус та гүл...
Жер бетіндегі ыстыққа төзімді өсімдік – кактус. Бұл өсімдік 60 градустық ыстыққа шыдай алады. Кактус өсімдіктердің дені төзе алмайтын ыстық шөл далада өсе береді.
Кактустың сабақтары әр түрлі формада болады. Бірі ұзын, бірі тым көлемді болып келеді.
Алып цереус кактусы — кактустардың ең ірісі болып саналады. Олар кейде 20 метр ұзындыққа дейін өсе алады.
Алып цереус
Эхинопсис түріне жататын кактусты көре қалсаңыз, көзіңізге үлкен кірпі елестері анық; олардың диаметрі екі метрге жетсе, ұзындығы бес метрге дейін жетеді. Ал үстін бірнеше тоннамен өлшенер тікенек басып кеткен.
Эхинопсис
Селеницериустың ұзын сабағы жылан сияқты иіріліп жерге түсіп жатады. Астрофитум кактусының тікенектері жұлдыздарға ұқсайды.
Астрофитум
Ботаниктердің дерегіне сүйенетін болсақ, жер бетінде кактустардың 3000-ға жуық түрі бар.
Кактустардың ең әдемі кезі – оның гүлдеп тұрған шағы. Тікенек басқан сабағында айрықша гүл бүршік атып келе жатқан көрініс кім-кімді де қайран қалдырады. Кактуста өсетін гүлдердің түсі әр түрлі болады: ақ, жасыл, сары, қызыл. Кейбір ерекше кактустардың гүлдеу кезінде түсін өзгертіп отыратыны тағы бар.
«Түн патшасы» деген атты иеленген кактустардың гүлі өте әдемі.
«Түн патшасы»
Бұл өсімдік – Оңтүстік Америкадағы ылғалды тропикалық ормандарда өсетін кактус. Жан-жағы сарғыш қабыршақтармен қоршалған үлкен ақ түсті гүл табиғаттың ерекше бір сыйындай. Ол тек кеш түскенде ғана ашылып, бір түн ғана гүлдеп тұрады.
Кактустардың отаны Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Америка болып табылады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
суреттер: kotofot.ru, podmoskovje.com, es.wikipedia.org
А. Әбілхан