Әдетте, екі білектің табиғи бұлғақтауына күш жұмсалмайды. Ұзақ жол жүргенде екі аяқ сырқырап, бұлшық еттері дәрменсізденеді. Мұндай уақытта да екі білек еркін түрде ары – бері бұлғақтайды. Әрине, бұл әрекет білек бұлшық еттерінің ритмді жиырылуының нәтижесі.
Жүргенде екі білек не үшін бұлғақтайды? Басында, мұны біреулер жүргенде жұмсалатын энергияны азайту үшін деп қараған. Бірақ білектің қозғалу-қозғалмауы жүргенде жұмсалатын энергиямен титтейде қытысы жоқ екені дәлелденіп отыр. Енді біреулер осылай істегенде бастың орнын түзеуге болады дегенді алға қойған. Өйткені адам жүргенде қай-қашанда алға жүреді.
Бірақ екі аяқтың алма-кезек аттауына байланысты бөксе ырғалады, мұндай ырғалу иық арқылы бас бөлігіне жетеді, сонымен адамның басы да жүргенде оң-сол жаққа бұлғақтайды, ал білек пен аяқ айқасып теңселеді де бастың бұлғақтауын басып түседі. Мамандар дәл өлшеп тұрақтандыру арқылы адам жүргенде қолдың титтей де қозғалмайтындығын, білектің қозғалу бұрыштық градусы да тек 9 градус болатындығын, иыққа келгенде қозғалу бұрыштық градусы тағы кішрейіп, ең соңында бас бөлігінің қозғалуы тек 2 градус шамасында болып, адамдардың алға жүруіне ықпал жасамайтындығын байқаған.
Дайындаған: Мақпал Бисембаева
сурет: gazeta.lv