"Жүре берсең, көре бересің" деп атам қазақ текке айтпаса керек.
Торонтода орналасқан реабилитация орталығы мен Харфилд университетінің ғалымдары донорлық жүрекпен ғұмыр кешіп жүрген адамдардың денсаулығын қалпына келтіру бағдарламасы аясында мынадай бір тәжірибе өткізіпті. Тәжірибенің алдына қойған мақсаты донорлық жүрекпен ғұмыр кешіп жүрген адамдардың денсаулығын қалыпты жағдайға әкелу болатын.
Алдымен жергілікті 44 жастағы "диссертациялық кардиоид-миопатия" диагнозы қойылған емделушінің келісімі алынады. Бұл кісіге 1984 жылы 16 жасар донордың жүрегі салынғандығын айтып өтелік. 11 ай бойы бұл кісіні марафоға дайындайды.
Торонто қаласы, Канада
Ақыры не керек, емделушінің жүрегіне түсірілуге болатын максималды ауыртпашылық 84 %-ға, максималды пайдаланатын оттегінің көлемі 53 %-ға артады. Осындай дайындықтан соң, емделуші 42 км 95 м қашықтықты 5 сағат 30 минутта жүгіріп өтеді. Айта кетелік, жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысатын спортшылар бұл қашықтықты екі есе жылдам өткереді. Жүгіру кезінде емделушінің жүрегінің соғысы минутына 142 рет соғып тұрған. Дистанция аяқталып, біраз демалған соң, жүрек соғысы қалпына келіп, минутына 88 рет соғып тұрды.
Марафон кезінде пациенттің денсаулығында ешқандай ауытқулар байқалған жоқ. Емделуші тек аяғының талғанын ғана айтқан. Бұл марафоннан кейін бір жыл өткен соң да пациент өзін жақсы сезініп, аптасына 50 км қашықтықты жүгіріп отырған екен.
сурет: maraphonec.ru