- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жильбераның "жанды" суреттері...
Жильбераның "жанды" суреттері
Жильбера Легран (Gilbert Legrand) атты француз суретшісі үшін әлемде жансыз еш нәрсе жоқ. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттарды "жанды нәрсеге айналдырғанды" ұнатады.
Суретші қолданыстағы қарапайым заттарды сыртқы ұқсастығына қарай өзгеше кейіпте бейнелеп, қызықты дүниелер жасайды. Ол үшін бар болғаны фантазияның мықтылығы, сосын аз ғана бояу қажет. Легран қарапайым қайшының өзін қос ғашықтың кейпіне айналдырса, арадан жылқының бейнесін жасап шығады. Суреттердің бәрі де көтеріңкі көңіл-күй, жағымды әсер сыйлайды.
Жильбера Легранның бұл өнері талайды тәнті етіп, көпшілік ықыласына бөленіп үлгерді. Жильбера бүгінде «Ұсақ нәрселердің үлкен шоуы» атты кітабы арқылы әлемге танымал.
Назарларыңызға Жильбера Легранның жұмыстарын ұсынамыз:
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: adme.ru
Ш. Талап