- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жерге магнитті толқын...
Жерге магнитті толқын қауіп төндіруі мүмкін
Бүгін түнде Күндегі өзгерістің әсерінен қалыптасқан магнитті толқын Жерге қауіп төндіруі мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс телерадиосигналдар мен мобильді байланыстың нашарлауына алып келеді. Сонымен қатар, ғарыштағы спутниктер уақытша істен шығуы ықтимал.
Күннің тұрақты қалпы оның өз өсімен айналу барысында өзгеріп отырады. Нақтырақ айтар болсақ, Күннің сыртқы қабатындағы ыстық желдің бағыты жылдам өзгереді. Нәтижеде Күннің гелиомагнитті қабатынан бөлініп шыққан ыстық жел магнитті толқынға айналып, Күн жүйесіндегі ғарыш нысандарына қауіп төндіреді. Жерге жақындап келе жатқан магнитті толқынның диаметрі Жердікінен 27 есе үлкен.
Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс ғаламшар мен оның тұрғындарына еш физикалық зақым тигізбейді. Магнитті толқынның әсерінен байланыс нашарлайды. Ресми түрде берілген ақпаратқа сүйенсек, толқынның әсері бір тәулікке созылады.
Ж. Өрісбай