Жерге жақындап келе жатқан астероид бинокль арқылы көрінеді

Жерге жақындап келе жатқан астероид бинокль арқылы көрінеді

Жерге жақындап келе жатқан 2012 DA14 астероидын қазақстандықтар бинокль арқылы көре алады. Айта кетелік, аспан денесі планетамыздың қасынан алдымыздағы жұмадан сенбіге қараған түні өтетін болады.

"Астероид 16 ақпан күні Астана уақытымен 01.25-те Жерден 27,7 мың километр қашықтықтан ұшып өтеді. Оның траекториясы планетамызды айналып жүрген геостационарлық спутниктердің орбитасынан да (35.8 мың километр) төменірек орналасқан", - деді Келдыш атындағы қолданбалы математика институтының қызметкері Леонид Еленин.

Ғалым бұндай құбылыстар өте сирек болатынын айтты. Оның айтуынша, 2012 DA14 секілді 40-50 метрлік аспан денелерінің Жер бетіне тым жақын келуі бұрын байқалмаған. "Жерге жақындайтын астероидтардың көпшілігі өте ұсақ болып келетін. Бұл жолы аспан денесін бинокль немесе шағын телескоп арқылы байқауға болады", - деді ол.

fg

Ғалымдардың айтуынша, аспан денесі Айдаһар жұлдыз шоғырынан өтіп, Үлкен аюға бет алады. Астероид ары қарай солтүстік аспанмен көтеріледі. Сенбі күнгі 06.00-де аспан денесі тек үлкен телескоптар арқылы көрінетін болады.

"Қарапайым аппараттармен көруге болатын келесі астероид Апофис болуы мүмкін. Ол Жердің қасынан 2029 жылы ұшып өтеді", - деді астроном.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kqed.org, bigthink.com