2015 жылдың астрономиялық ақпаратына орай, Күн жүйесінде ресми тіркелген 146 ғаламшар серігі бар. Одан бөлек, ғылыми тұрғыдан әзірге нақты дәлелденбеген 27 табиғи серік табылған. Бір қызығы, ғаламшар серіктері әртүрлі атауға ие болған. Атап айтқанда, Каллисто, Титан Еуропа немесе Прометей сынды Шекспир кейіпкерлері мен көне грек мифологиясындағы құдайлар есімі берілген. Ал жердің табиғи серігі жай ғана Ай деп аталыпты. Неге?
Астрономия ғылым саласының терминологиясында «Ай» барлық серіктердің жалпы атауы ретінде беріледі. Ал жер сергінің ғылыми атауы бар ма? Расында Жердің табиғи серігін ғылымда Крелон, Крона, Аврон және Муад’Диб атауларымен атайды екен.
Ал серіктің жалпы қолданыстағы атауы – Ай. Айта кетсек, 1610 жылы белгілі ғалым Галилео Галилей Айды алғаш телескоп арқылы зерттеп, оның атауын береді. Одан бөлек, италиялық ғалым Юпитердің серігін де зерттеген болатын. Бірақ оның ғаламшар серігі екенін нақты дәлелдей алмайды.
Адамзат өркениеті дами бастағалы Ай біз үшін көктегі таныс ғарыш нысаны болған. Ал өзге де серіктердің бар екені небәрі 400 жыл бұрын анықталды. Себебі Коперникке дейін ешкім де Жердің Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың бірі екенін білмеген. Нақтырақ айтар болсақ, Коперникке дейінгі қоғам Жерді ғалам орталығы деп білетін. Ал Күннің галактикадамыздағы жұлдыздардың бірі екенін тек 1590 жылы Джордано Бруноның ғылыми тезисі арқылы таныдық.
«Ай» термині латынның «Luna» сөзінен шығып, «табиғи серік» деген ұғымды береді. Бұл бейресми термин және ғылыми атау емес. Астрономдар барлық ғарыш нысандарына атау беруді жөн көреді. Себебі болашақта біздің ғаламның нысандары туралы нақты ақпараттар белгілі бола бастаса, мультиғаламның тұңғиығында адасып кетеріміз анық. Сондықтан табиғи серіктің де ғылыми атауын қоғамның сөздік қорына енгізу керек.
Ал сіз Жер серігінің «Ай» деп аталуын құптайсыз ба?