- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жердің Күнді айналатындығын...
Жердің Күнді айналатындығын алғаш хабарлаған кім?
Николай Коперниктің туылуынан 1800 жыл бұрын, б.з.д. 310 жылы дүниеге келген Аристарх Самосский.
Аристaрх тек Жердің Күнді айналуын алғаш болып хабарлап қана қойған жоқ. Ол сонымен қатар, Жер мен Күннің және Айдың ара-қашықтығын есептеп, аспанның сфера еместігін, ғарыштың шексіз көлемін анықтаған. Алайда оның идеялары назардан тыс қалды.
Өмірінде Аристарх астроном ретінде емес, математик ретінде кең танылған. Бізге ол туралы мәлімет өте аз жеткен. Тек Александриялық лицейде оқығаны және римдік архитектор Витрувийдің "Ол - ғылымның барлық саласынан хабары бар адам" деген естелігі ғана қолда бар...
Аристарх сонымен қатар, жартылай дөңгелек күн сағатын ойлап тапқан. Біздің күнімізге оның жалғыз "Күн мен Айдың өлшемдері мен аралығы туралы" атты еңбегі жеткен. Өкінішке орай, Күнді орталық жүйе еткен теориясы ескерусіз қалған.
Әрине, Коперник Аристарх Самосский жайында азды-көпті білген. Өз дәуірінің озық туындысы болған "Аспан сфераларына назар аудару туралы" еңбегінде Коперниктің Аристархқа қарыздар екендігі жайлы жазбауы мүмкін емес. Алайда, кітапты 1514 жылы басып шығарғанда есте жоқ ескі заманда өмір сүрген грек жайлы ескерулер текстен шығып қалған. Бұлай болуына баспагердің кітаптың түпнұсқа екендігіне күмән тудыратындығынан қорыққандығы да себеп болуы мүмкін.
Сурет: rewalls.com
Л. Лига