Бүгінгі литосфералық зерттеулерден белгілі Жердің ішкі ядросында тағы бір ядро бар екені анықталды. Ғалымдардың айтуынша, оның құрылымы өзге материалдан тұрады екен. Осыған дейін Жердің ядросы қатты металл шар іспеттес, ал оның сыртқы каптауы мантия болып келген. Дегенмен соңғы зерттеулер нәтижесі ішкі ядроның тағы бір қабаты бар екенін дәлелдеді.
АҚШ-тағы Иллинойс Университеті мен Қытайдағы Нанкин Университетінің біріккен ғалымдар тобы сейсмикалық толқындардың көмегімен Жер ортасында қосымша ядро қабатының бар екенін анықтай алған. Анықталғандай, ол ішкі ядроның жартысын алып жатыр екен.
Сейсмикалық аппараттың жұмыс істеуі кезіндегі кристалдар ішкі ядроның сыртқы қабаты тереңдігін алғанда оңтүстік пен солтүстікті көрсетсе, ішкі қабатында шығыс пен батысқа бағытталған. Ендеше бұл ішкі ядроның екі қабаты екі түрлі материалдан тұрытынын білдіреді.
«Жердің табиғи серігінен біршама кішілеу пішінге ие жаңа қабат өзгеше құрылымға ие. Ол Ғаламшарымыздың қалай қалыптасқаны туралы ақпарат бере алуы мүмкін. Сонымен қатар, Жердің ішкі құрылымындағы эволюциялық өзгерістер туралы біле алатын боламыз», - Иллинойс Университетінің профессоры Сяодун Сун.
Ғалымдар жер сілкінісі кезінде тарайтын толқындардан ақпарат жинақтау технологиясын қолданған. Ал Жердің қай қабаты толқынның бастауы екенін анықтау үшін арнайы детекторлардың көмегімен толқынның тіркелу уақытын өлшеп отырған. Сосын толқынның жылдамдығы мен бағытына орай зерттеушілер Жердің ішкі құрылымы туралы ақпарат алған.
Ғалымдардың ортақ зерттеу жұмыстары Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды.
Сурет: discovermagazine.com
Оқи отырыңыз:
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
Арктикадағы мұздың көлемі азайып келеді (Видео)
NASA климат өзгерістерін зерттеу үшін жасанды жерсерігін ұшырды
Ғалымдар жаңа металл түрін ойлап тапты