Ауаның көмірқышқыл газымен ластанып жатқанын бала кезімізден білеміз. Бірақ оны білу бір басқа да, көру бір басқа.
NASA газдың ауаға қалай әсер етіп жатқанын көрсету үшін Жерді бір жыл бойы бақылаған.
Газдың көп бөлігі Еуропа, Азия және Солтүстік Америкадан шығады екен. Сондықтан, көмірқышқыл газы солтүстік жартышарды толығымен басып алған. Көктемде және жазда газдың мөлшері азайса да, күзде қайтадан көбейеді екен.
Көмірқышқыл газының таралуын төмендегі видеодан көре аласыздар.
Сурет:neuzhely.ru