Бүгін АҚШ-тың аэронавтика және ғарыштық кеңістікті зерттеу ұлттық орталығы (NASA) Жердің ғарыштық аппараттар көмегімен түсірілген ең сапалы суретін (фото) жариялады. Суреттен Жердің жарты бөлігіндегі Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарын айқын көріп, Тынық және Атлант мұхиттарының жағалауын шайып жатқанын анық байқауға болады. Жердің бұл сапалы суреті 6 шілде күні ғаламшарымыздан 1,6 миллион километр қашықтықтан «DSCOVR» аппаратының EPIC (Earth Polychromatic Imaging Camera) камерасының көмегімен түсірілген. Ал біз сіздерге NASA суретінен бөлек, Жердің ғарыштан түсірілген өзге де ғажап көріністерімен бөліскенді жөн санап отырмыз.
Сахарадағы Тассилин-Аджер үстірті
Австралиядағы Карнеги көлі
Италиядағы Везувий "тірі" жанартауы
Беринг теңізіндегі Прибылов аралы
Батыс Африкадағы Гвинея-Бисау Республикасы
Орталық Африкадағы Чад Республикасы
Солтүстік Америка құрлығының солтүстік-батысындағы Аляска атырабы
Иранның солтүстік таулы бөлігіндегі Үлкен тұзды шөл
Венеция шағын мүйісі
Үнді мұхитындағы Мальдив аралдары
Тибет тауындағы ірі көл
Солтүстік Мұзды мұхитын күн сәулесінен көлегейлеген бұлттар
Солтүстік Америкадағы Аляска мұздықтары
Гренландияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі Петерманн мұздықтары
Чилидегі Атакама шөлі