Астрономдар мен физиктер 60 жыл бойы бар-жоғы күмәнді болып келген Кордылевский бұлттарының шын мәнінде бар екенін растады. Венгриялық ғалымдар Жерден 400 мың километр қашықта орналасқан 2 тозаңды бұлтты анықтады. Бұл бұлттарды алғаш рет поляк астрономы Казимеж Кордылевский 1961 жылы зерттеген еді. Нақты дәлелді қажет еткен бұлттар шартты түрде Кордылевскийдің атымен аталып келді. Астроном бұлтарға поляк бұлттары деген ат бергісі келген, бірақ бұл ғылыми айналымға ене қойған жоқ. Алғаш 1967 жылы Лангранж нүктелерінде орналасқан тылсым бұлттарды америкалық ғалым Уэсли Симпсон Койпер обсерваториясы арқылы растаған еді. Содан бері Кордылевский бұлттары біршама зерттелді. 11 қазанда Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналында жаңа зерттеу жарияланды. Жер-Ай жүйесінде тұрақты бес нүсте бар, онда гравитациялық күш объектілердің салыстырмалы позициясын сақтайды. Лангранж деп аталатын бұл нүктелердің екеуі (L4, L5) Жер, Аймен үшбұрыш жасайды. Дәл осы нүктелерде Кордылевский тозаңды бұлттары орналасқан. Олар Жерден анық көрінбейтіндіктен ғалымдар бұлттардың барына күмәнданған. Венгриялық ғалымдар Слиз-Балог обсерваториясында Кордылевский бұлттарын поляр жарықтары арқылы анықтаған. Казимеж Кордылевский кезінде анықтағандай бұлттардың массасы галактикалық өлшеммен алғанда өте жеңіл 10 000 тонна. L4, L5 нүктелерінің тұрақты екенін ескерсек, Күн жүйесін жете зерттей түсу үшін астрономдардың Кордылевский бұлттарында ғарыш зондтарын орналастырмақ ойлары бар. Десе де, бұлттардың тұрақты күйі ғарышкерлер мен Жер серіктеріне кедергі болу ықтималдығы жоғары.