1965 жылы Американың аэрокосмос агенттігі ғарышкерлерге арналған Omega Speedmaster қолсағаттарын пайдалана бастады. Бұл құралды батыл ғарышкерлер Айға ұшқан кезде ең алғаш рет қолданды. Ал, енді қызықтысы мынау: бүгінге дейін бұл сағаттардың шығу тарихы жайлы мүлде ақпарат жоқ екен. 1969 жылы Айға аттанғалы жатқан Apollo 11 экспедиция құрамы өздерімен бірге бір-бір спидмастерден ала кетті. Осы сапар кезінде ғарышкерлер борттағы электронды хронометр дұрыс жасамайтынын анықтады. Сондықтан, тарихта қалатын әрбір қадамдарын нақтылау үшін олар Omega Speedmaster сағатының көмегіне жүгінді. Осылайша, бұл құрылғы Айда жұмыс жасаған ең алғашқы қолсағат ретінде тарихта қалды. Әуеден жақсы жаңалықтармен оралған ғарышкерлер, нақтылап айтар болсақ, Олдрин Баз бірнеше уақыт өткеннен кейін операция кезінде қолданған заттарын жинап Вашингтонға жол жүріп кетті. Мақсаты: авиация және ғарышкерлік Ұлттық музейдің мұраларын көбейту. Мұражай қызметкерлері ғарышкер алып келген заттардың барлығын қабылдаған. Тек, ешқандай тарихи құнды жәдігерге жатпайды деп сағатты керексінбепті. Осылайша, бұл сағат қолдан-қолға өтіп жүргенде түбінде ұрланып, жоғалып кетті. Қазір мүмкін, біреудің қолында қарапайым сағаттың рөлін атқарып жүрген болар.