- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жер планетасы қанша...
Жер планетасы қанша тұрады?
Ғалымдар Жер тұрғындарының планета ресурстарын бітіріп, экологиялық банкротқа ұшырап бара жатқандығын бір емес, бірнеше рет ескерткен еді. Осыған қарамастан жақсы жаңалықтар да бар: Жер әлі бұрынғыдай өте қымбат тұрады екен. АҚШ елінің астрофизигі планеталардың құнын анықтап шығуға болатын теңдеу ойлап тапты.
Бұл формулада Калифорния университетінің астрофизигі Грег Лафлин планетаның жасын, көлемін, температурасын, адам өміріне қолайлылығын ескерген. Нәтижесінде планетамыздың құны бес квадриллион долларды құраған. Ал көршілес планеталар өздерінің қолайсыз климатына байланысты анағұрлым арзан болған.
Мәселен, адамдардың болашақ колониясы Марс – әзірге бар болғаны 14 мың доллар тұрады. Мұның себебі: аталған планетаға скафандрсыз барған адамның басы бірден жарылып кетуі мүмкін. Ал Венерада климат одан да нашар, сондықтан оның құны нөлге тең.
Соңғы үш жыл ішінде NASA телескобының көмегімен табылған 1235 экзопланетаның бағасы да қымбат емес. Мысалы, жуырда ғана қолайлылығы жағынан Жерге ұқсас саналған Gilese 581 c планетасының құны бар болғаны 150 доллар ғана, ал KOI 326.01 – 250 мың. Профессор осылайша, құны 90 миллионнан кем тұратын планеталарды зерттеудің еш қажеті жоқ деген шешімге келіпті.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: mirfactov.com
Ж. FM