Ғаламшарымызды иллюминатор арқылы тамашалау әркімге де бұйыра бермейді. Осы орайды ескеріп, Еуропа Ғарыш Агенттігі (ЕҒА) Халықаралық Ғарыш Станциясынан виртуалды тур дайындапты.
ЕҒА тапсырысымен түсірілген видео timelapse тәртібінде, яғни жылдамдатылған жүйеде өңделген. Видеода ауа-райының сан құбылу үдерісін немесе полюстің солтүстік шұғыласын көруге болады. Ал түндегі Жердің халық көп шоғырланған аймақтарындағы жарықтың көрінуі көптің көңілінен шықса керек.
ЕҒА баспасөзінің ресми хабарлауынша, межедегі видеоны дайындауға бірнеше камерамен түсірілген 12 мың видео қажет болыпты. Видеоны неміс ғарышкері Александр Герст дайындаған. Александр видео қорын 6 ай бойы жинақтаған.
Видеоны 4К сапада көруге болады. Жердің айналу үдерісін жоғары сапада тамашалауды ұсынамыз.
Сурет: en.wikipedia.org