Жер бетіндегі ең соңғы ниндзя Дзиньити Каваками Бан әулетінің бүгінгі таңдағы басшысы, бес жүз жылдық тарихы бар Кога руының ұрпағы саналады.
Бұл адам жұмбақ жауынгерлердің құпия одағына кіреді. Алпысты алқымдаған Дзиньити инженер мамандағы бойынша жұмыс жасайды. Бірақ тағдыр солай жазған шығар, өзінен кейінгілерге жауынгерлікті қалдырмауға бекініп отыр. Ол жолға ешкімді салғысы келмейді екен. Және, ең өкініштісі сол, жұмбақ жапон жауынгерлерінің ең соңғы өкілі болып жер бетінен ұшпаққа шықпақ.
Нинджитсу өнеріне алты жастан шұғылдана бастаған. Алғашқы дәрістен бастап шеберлікті шыңдағанға дейінгі аралықта бағзы мұраның бай іліміне сусындап өскен. Білікті ұстазы Масазо Ишиданың не үйретіп жатқанын алғашында білмеген. Кейіндеу барып от пен суықтың ортасында, ауыр азап пен аштықты өткере жүріп, бәрін сезінген.
"Жаттығулар қауіпті әрі азапты болатын, - дейді Каваками, - Оңайы болмайтын. Бірақ мен соларды не үшін жасап жатқаным туралы еш ойланбаппын. Сол бір жаттығулар өмірімнің алынбас бір бөлшегіне айналды".
Ниндзяның ең басты ұстанымы қарсыласпен қақтығысқа түспеу керек екен. Ал ең басты қабілеті – ашық дау-жанжалдардан қашу және көп ортасында көзге түсе бермеу. Қай тұста да, тіпті, ниндзя өз артықшылығын біле тұрсын, бәрібір де соқтықпауы қажет.
Дзиньити, жер бетіндегі ең соңғы адал ниндзя:
"Адам құрылымы басқаша жүйеленген, сол үшін де ол әрдайым қырағы болып жүре алмайды. Сан жағынан көп дұшпанға шабуыл жасауға тура келетін кездер ұшырасады. Қарсыластың қамсыз қалып жататын кездерін пайдалануға болады".
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/OmBe9zbECAw","width":"450","height":"240"});
сурет:nnm.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек