- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жазасын өтеушілердің арманына...
Жазасын өтеушілердің арманына айналған абақты
Итальяндық фотограф Гуги Фассино үш күнге әлемдегі ең жайлы, ең таза Хальден атты норвегиялық абақтыға ат басын бұрып, сондағылардың жай-күйімен танысты.
Хальден абақтысы 2010 жылы салынған. Мұнда ең ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеуде.
Абақты айналасы 30 гектарлық орманмен қоршалған. Онда қылмыскерлер ешқандай бақылаусыз-ақ қыдыра алады.
Жазасын өтеп жүрген жандардың әрқайсысы күніне 1,5 сағатын спортзалда өткізе алады.
Ал олардың дүкендерге тек аптасына бір рет қана бас сұғуына қақысы бар.
Мұнда олар жұмыс жасап, қаражат та табады. (Жұмыс істемесе де, өз еркі) Күніне 9$ айлық алатын олар ақшасын дүниеден өткенде қабірге қойылатын гүл үшін жинайтын көрінеді.
Сонымен қатар, олардың кез келгені өз қалауынша тамақ пісіріп, жей алады. Ас мәзірі туралы журналдары мен кітаптары әлемнің белгілі кітапханаларынан арнайы жолданады.
Жазасын өтеушілер күн сайын камерада 20:30-дан таңғы 7:30-ға дейін ғана болады. Ал қалған кездері әркім өз қалаған ісімен шұғылдана беруіне рұқсат.
Абақты бастығының айтуынша, осы уақытқа дейін жазаланушылар арасында қатаң тәртіпсіздің орнамаған. Тіпті бұл жақтан қашуды да ешкім жоспарламапты.
Сыртпен байланыс та жақсы қолға алынған. Мұндағы жазасын өтеушілердің аптасына үш рет отбасымен телефон арқылы сөйлесуіне және анда-санда қатаң бақылау арқылы арнайы үйшіктерде жолығуларына қақысы бар.
Сонымен қатар, жыл сайын радиобағдарлама даярлап тұратын жазасын өтеушілерден құралған абақтының өз музыкалық тобы да бар.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: wowfacts.net
А. Әбілхан