Жасанды сана саласы күн санап дамып келеді. Уақыт өте келе мамандықтар да өзгеруі әбден мүмкін. Жаңа бағытқа ет үйрену үшін әлі біраз тәжірибе мен білім қажет. Бүгінгі жазбада аталған салада қай жағынан білімді болу керектігі жайлы айтатын боламыз.
Ғалымдар жасанды сана адамның ізденуіне мүмкіндік туғызып отыр дейді. Жаңалықтарды іздеу үшін адамдарда ұмтылыс пайда болады. Сол себепті, жасанды сана мамандықтарға кері әсер етпейді.
Қазіргі таңда өріс алып келе жатқан жасанды сана саласы 15 миллиард АҚШ долларына бағамданып отыр және әлі де тоқтамақ емес. Шамамен 2600 компания ақылды технология жасаумен айналысады. 2020 жылға қарай индустрияның бағасы 70 миллиардқа дейін өсуі мүмкін. Жасанды сана мамандықтардың ішінде дизайнерлерге оң әсер ететін болады. Дизайнер дегенде тек сән әлеміндегі мамандар еске түседі. Олардан да өзге, талғамы ерек, басқа саладағы дизайнерлер бар.
Соңғы жиырмажылдықта осы салаға үлкен мән беріліп келе жатыр. Адамзат болашақта жасалатын үлгілерді жасанды санамен болжап, нанотехнологияларды өзгерте алады. Қарапайым пышақтың немесе қасықтың қазіргі моделін дизайнерлер жасанды санамен өзгерте алады. Бұрынғы тетікті теледидарлар қазір 3D смарт теледидарға айналды. Ендігі жиырма жылда сіз ойламаған үлгілер шығады. Оның бәрін дизайнерлер жасанды санамен жасайды. Сондықтан қазіргі дизайнерлерге жоғары талап қойылады. Сырт қарағанда бұл сала гуманитарлық ғылымның тарауы секілді. Десе де, математикалық ғылымнан да құлағдар болуы тиіс.
Математика
Психология
Социология
Биология
Жасанды сана мен шынайы өмірдің арасы уақыт өткен сайын жақындап келеді. Жаңа мүмкіндіктерді болашақ пайдасына шешуге жағдай бар. Сондықтан, жасанды сананы құрастыру кезінде теорияны оған енгізе алатындай етіп ғылым мен білімді өзіміз жете зерттеуіміз керек.