Жаратылысы ерекше жапырақтар

Бүгін біз сіздермен ерекше жапырақтар жайында әңгіме қозғамақпыз. Басқа жапырақтардан соншалық ерекшеленетіндей олардың қандай құпиясы бар екен?

Әлемдегі ең жіңішке, ең нәзік жапырақ атына Адиантум
қырыққұлағы лайық. Оның жапырақтары тек бір ғана жасушадан тұрады екен.

 

Адиантум жапырағы

Ал ең өткір жапырақ Жаңа Гвинеяда өсетін путанг шөбінің жапырағы болып саналады. Тынық мұхит аралында өсетін бұл жапырақ сақал қыру үшін пайдаланылады. Олардың айтуынша, жапырақ рөл атқаратын табиғи жүз кәдімгі ұстараның жүзінен еш қалыспайды екен. Қатты әрі серпінді жапырақ атына Азия мен Полинезияның тропикалық өңірлерінде өсетін панданус пальмасының жапырағы ие. Панданус пальмасы Үнді мұхит жағалауларынан да табылады. Жергілікті тұрғындар оның жапырағынан күнделікті тұрмысқа пайдалы жүк көтеретін тоқымалар мен керзеңкелер тоқып дайындайды.

Панданус жапырағы

Ал ең көп жапырағы бар ағаш қалай аталатынын білесіздер ме? Кипарис ағашы екен... Көне грек аңыздарына сенетін болсақ, Кипариса есімді сұлу жас қыз қабыршақпен көмкерілген жапырағы көп әдемі бір ағашқа айналып кеткен екен. Ғалымдардың есебінше, бір ағашта 45-тен 55 миллионға жуық жапырақ бар екен.

 

Кипарис жапырағы

Малайлық ағаш тревесиидің әр жапырағының өз «оюы» бар. Мұндай ерекшелік басқа ағаштарға тән емес деуге әбден негіз бар.

 

Тревесии жапырағы

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: life-nature.ru, gandex.ru